Қонырауға тапсырыс беру

БІЗ ТУРАЛЫ

"Жаркент-Арасан" шипажайы шатқалда, Бурақожыр өзенінің жағасында таулы жерде, (теңіз деңгейінен биіктігі 1100 м) кіші Жоңғар Алатауының сілемінде орналасқан.

Санаторий «Жаркент-Арасан»

"Жаркент-Арасан" шипажайы Жаркент қаласымен және Панфилов ауданының барлық елді мекендерімен асфальтталған трассамен қосылады. Алматы қаласынан 325 км, Талдықорған қаласынан 280 км, Жаркент қаласынан 40 км қашықтықта орналасқан.

305 орынға арналған шипажай бес, үш, екі қабатты жатын корпустар орналасқан. Бөлмелерде бір-төрт демалушыға дейін орналасуға болады.

Шипажайда бальнео және балшықпен емдеу, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, парафиноаппликация, гинекологиялық, ішек, стоматологиялық суару кабинеттері, үстел теннисі жұмыс істейді.

Шипажай аумағында көпжылдық гүлзарлар бар, олардың айналасында қарағаш, ақ қайың, пирамидальды теректер, жас шырша, қарағай, туялар, арша, ағаштары бар. Мәдени-бұқаралық және спорттық ойындар үшін волейбол-баскетбол, теннис алаңдары салынды.

Демалыс уақытында шипажайда демалушыларға арнайы шахмат, дойбы, газеттер, журналдар беріледі, апта сайын шипажайдың көркемөнерпаздар ұжымдары өздерінің өнерлерін көрсетеді. Үздік даяшы, санитарка, медбике конкурстары өткізіліп, Панфилов ауданының тарихи орындарына экскурсиялар ұйымдастырылады.

Қазақтар, Орталық Азияны мекендейтін басқа халықтар сияқты ежелгі заманнан бастап табиғи емдігі бар заттар мен құралдарды пайдалана білді. Халық даналары-табибтар (тауб) емдеген өсімдік және минералды дәрі-дәрмектерден басқа, науқастар емдік минералды сулар мен балшықтардың көмегіне жиі жүгіне білді.

Өз уақытында Шоқан Уәлиханов қазақ халқынын ауруларды табиғи көздерінде жеткілікті емдеу қасиеті бар сулармен башықтар көмегімен емдеу әдет-ғұрыптарын толық сипаттап берді.

Әдеби мәліметтерден қазақтардың бальнеологиялық емнің 3 тәсілі болғаны белгілі.

1. Тұз-жалпы және жергілікті емшаралар түрінде тұздалған балшық пен рапаны (сұйық балшық) қолдану. Бұл ретте ыстық минералды сулар және көлдер қасиетті болып саналып, бұл орындарды қасиетті деп таныған.

2. Маден-Су-көбінесе салқын су көздерін ішіп ішкі ағзаға пайдалы деп көріп, жаз айларында суға шомылу үшін де пайдаланған.

3. Арасан-ыстық минералды суларды емдік мақсатында қолданып, емделу.

Халық арасында, әсіресе Қазақстанның оңтүстік жерлерінде емдеудің ең танымал түрі ыстық минералды көздермен емдеу болып табылады. Емдеудің бұл түрі ежелгі уақыттан бері белгілі. Мысалы, грек тарихшылары сақ (Қазіргі қазақ және Орта Азияның басқа да ұлттарының ата – бабалары) - ыстық көздердегі әскери жорық алдындағы "тазарту" дәстүрін сипаттайды. Кавказдағы атақты нарзанды балгарлар мен қарашайлықтар (қазақ қыпшақтарының ұрпақтары) минерал суларын батырлардың сусыны, күш, балғындық пен жастық беретін деп есептеген.

Жергілікті тұрғындар Жаркент ауданында орналасқан ыстық минералды су көздерін "Жаркент-Арасан" – деп атап кеткен. Бұрын-соңды белгілі болған Бурақожыр, Қу-Арасан бұл минералды көздерін жергілікті халық ем ретінде ежелден-ақ қолданылған. Осы минералды сулар туралы даңқ Жаркент аумағынан тыс таралып кеткен. Бұл минералды көздерге жүздеген шақырымға шалғай аудандардың тұрғындары Жаркент-Арасандық минералды суларынын көмегімен өз ауруларынан құтылу үшін емделуге келген.

ХVII ғасырда қалмақ Қалден-Церен түмендері Қазақстанның шығыс және оңтүстік аумақтарын жаулап алды. Қалмақтар "Қу-Арасан" емдік суының керемет күші туралы білген. Бұл жерде олар шамандардың қатысуымен жаппай серуендеу, жарыстар, күрес және би мерекелерін ұйымдастырған. Осы минералды көзерге құрбандық немесе сый әкелмеген адам бақытсыз, денсаулық және байлықтан, ал ең бастысы – "қуаты бар қасиетті көздердің" көмегінен айрылып қалатынына сенген.

Қазан төңкерісіне дейін Жаркент-Арасан көздерінде емдеу ісін жергілікті тұрғын Домбоғұл ұйымдастырды. Домбағұл басқалардан ерекшелігі, өз уақытында көп жақты білімді адам болып, Құран ғана емес, араб тілін, зайырлы білімдерді де үйреніп, өз оқушыларына гигиена дағдыларын егіп, медицинаға үйреткен. Кейіннен болжанғандай Домбоғұл мола немесе мұғалім, болып кеткен жоқ. Жергілікті Қу-Арасандық дереккөздердің емдік қасиеттерін зерттей отырып  және өз туысқандарына минералды сулардың емдік қасиеттерін бастан кешкен ол жергілікті емшіге айналды.

Жергілікті тұрғындарда Домбоғұл - жомарт жүрек адамы ретінде жақсы жадыда сақталған. Ол барлық ниетін, күш жігерін адамдардың денсаулықтарын, еңбек қуанышын қайтаруға риясыз көмектесуге тырысып, еңбек етті.

природа Жаркент-Арасан

Ұзақ уақыт бойы минералды көздер сулары жабайы күйде қалып отырды. Жиырмасыншы ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап "Жаркент-Арасан" шипажайының жаңа тарихы басталады. 1952 жылы «Қу-Арасан» (Бурақожыр) көздерінің минералды суларын геологиялық экспедиция ұңғыманы бұрғылап, құбыр бойымен минералды радон суын жер бетіне жанадан шығарды. 1963 жылы Қазақ өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстары негізінде Панфилов ауданның Қазақстан КП атқару комитетінің шешімімен 7 ұжымшар төрағаларының белсенді қатысуымен колхоз қаражатынан 150 төсектік шипажай ғимаратының құрылысын салу бойынша кеңес құрылды. 1967 жылдың 15 қарашасында "Жаркент-Арасан" жалпысоматикалық 150 төсек-орынды шипажайы ашылып және алғашқы науқастарды емдеуге қабылдады. Көптеген ауруларды емдеуде радонды сумен қатар шипажайда Іле өзені жайылмасының көлдерінен әкелінетін тұнба балшықтары қолданылады.